«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Есіл қаласының Сайлау Серіков атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
КГУ «Общеобразовательная школа имени Сайлау Серикова города Есиль отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети


«    Маусым 2022    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жырлайды жүрек» атты әдеби сағат

«Жырлайды жүрек» атты әдеби сағат
  Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы, жарық жұлдыздай қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырайды. Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар біздің халық-шынымен де бақытты. Иә, Мұқағали- ғажайып, сыршыл, ақын.  Оның өлеңдерін оқыған сайын ақиқат бейнелі рух,  сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды.
«Айтылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді деуі мүмкін,
Бүтінделмей кеткен бір ер тұрманы.»
 Ақиық ақын 1931 жылдың 9-ақпанында Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген.  Ақынның өзі «Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, шығарма-шылығымды зерттемек болсаңдар, онды мен не жазам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыздар. Мен өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінем» деген екен.  Мұқағалидың өлеңдері шын шабыттан, қиын күйзеліс пен шын қуаныштан, шын  сағыныштан туған өлеңдер екеніне 3 «а» сынып оқушылары көз жеткізді. Осыған орай, іс-шара барысында ақын атамыздың өмірбаянымен қатар, кəусар сезім мен тояттамас көңіл, шалқыған шаттық пен мұңға тұнған жырлары  өз даусымен  шебер орындалуымен  оқылса, буырқанған шабыт пен сабырға көнбес сағынышты әндері қатысушылардың жүрегінен шабытпен шырқалып көрермендер көңілінен шықты.
 Иә,ақын туралы бүгінгі таңда естеліктер де жазылып, лебіздер айтылуда. Бірақ ақын туралы айтқанымыздан айтпағанымыз көп болып отыр. М.Мақатаев туралы көбірек білгіңіз келсе, оның өлеңдерін оқыңдар.


Әлі пікірлер




Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 26.03.2022 01:10
Құрылған күні: 26.03.2022 01:10

Текст